«Шахтёр» – «Қайрат» 0:4
Голдар: Мартон Эппель (2'), Бауыржан Исламхан (52'), Адеринсола Эсеола (69'), Конрад Вржещиньский (77').
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (В) (К) -
Евгений Ткачук, Артём Барановский, Геворг Наджарян - Марат Шахметов, Доньет
Шкодра, Режиналдо, Еркебулан Нургалиев - Жан Али Пайруз, Сергей Зенев, Иван
Пешич.
Қосалқы құрам: Егор Цуприков (В), Абылайхан Дуйсен (В) - Нияз
Шугаев, Антон Чичулин, Милош Видович, Станислав Лунин - Бауыржан Байтана,
Лувага Кизито, Оралхан Омиртаев.
«Қайрат»: Стас Покатилов (В) - Дино
Миканович, Нуралы Алип, Раде Дугалич, Гафуржан Суюмбаев - Исламбек Куат, Айбол
Абикен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Конрад Вржещиньский - Мартон
Эппель.
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В), Дінмұхаммед Жомарт (В) - Сергей
Кейлер, Сергей Политевич - Рамазан Оразов, Небойша Косович, Сұлтанбек Астанов,
Еркебұлан Сейдахмет - Адеринсола Эсеола.
Матч қайраттықтар үшін сәтті басталды. Бірінші минуттан бастап ойнауға мүмкіндік алған Мартон Эппель ең алғашқы жедел шабуылда ақ гол соқты. Шабуылшы екі қорғаушыдан айласын асырып, Игорь Щацкийдің қақпасына дәл соққы бағыттады! Артынша қожайындардың қақпашысы өзінің қорғаушысының пасынан кейін допты қолға алып қойып, қайраттықтар еркін доп соғуға мүмкіндік алды. Соққыны Бауыржан Исламхан орындап, доп қорғаушыға тиді. 21-ші минутта гол соғуға Конрад Вржещиньский жақын болды. Ол гол соғатын позицияға шығып, бірақ қақпашыға соқты. Осыдан кейін алматылықтар кідіріс алып, қожайындарға шабуыл жасауға мүмкіндік берді. «Сары-қаралардың» белсенділігінің тағы бір легі тайм шымылдығының жабылуына жақындаған кезде болды. 39-шы минутта Мартон Эппельде дубль жасайтын кремет мүмкіндік болды. Оның бірінші соққысын Шацкий алса, ал екіншісі қақпаның жоғарғы жағынан өтіп кетті. Үзілістен кейін Алексеий Шпилевскийдің қарамағындағылар қарсыластардың қорғаудағы қателіктерін әрі қарай пайдаланды. Ойынның басталғанына жеті минут өткеннен кейін Мартон Эппель Конрад Вржещиньскийді алдыға жіберіп, ол допты Бауыржан Исламханға бағыттап жіберді. Капитан есепті оп-оңай екі еселеді. Осыдан кейін қарағандылықтар көп қателік жасай бастады. Дино Миканович, Исламбек Қуат, Конрад Вржещиньскийде көзге түсетін мүмкіндік болды. Соңғысы допты қақпашыдан асырып, бірақ қақпаға кіргізе алмады.
67-ші минутта кезекті голдың авторы атанған, Адеринсола Эсеола алаңғашықты. Шабуылшы допқа алғаш тигенен ақ өзінің чемпионаттағы он төртінші голын соқты. Дерин екінші голдық пасты қанжығасына байлаған Конрад Вржещиньскийдің керемет көтерілген добынан кейін, баспен әдемі соққы жасады. Бұл голды қайраттықтар қызды болған Еркебұлан Тұңғышбаевқа арнады. Матчтың соңғы нүктесін, матчтың ең маңызды ойншыларының бірі болған Конрад Вржещиньский қойды. 77-минутта ол екінші таймның басында жасай алмағанын жүзеге асырып, қарағандылықтардың қақпашысының басынан допты асырды.
Финалдық ысқырық сырт алаңдағы алматылықтардың ірі жеңісін белгіледі - 0:4.