Еуропа лигасының іріктеуіндегі қарымта матчта төрелік ететін қазылар анықталды, «Қайрат» өз алаңында чехиялық «Сигманы» қабылдайды.
Кездесудің бас төрешісі болып швейцариялық Сандро Шерер бекітілді. Оған отандастары Сладан Йосопович пен Беким Зогая көмектеседі. Төртінші рефери – Федайи Сан.
Бұған дейін Шерер қазақстандықтар қатысқан екі матчта төрелік етіп үлгерген: 2016 жылы шілдеде ол Чемпиондар лигасының екінші ірікеу кезеңінде «Астана» мен «Жальгирис» (2:1) кездесуінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, 6 қазанда ол 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Румыния мен Қазақстан (3:1) құрамаларының матчында қазылық етті.