«Каспий» - «Қайрат» 1:1 (пенальит сериясы - 5:6)
Голдар: Астанов (18'), Хайруллин (58').
«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (к) – Илья Воротников, Михаил Габышев, Руслан
Жанысбаев, Талғат Күсәпов – Амандық Нәбиханов, Руслан Сахалбаев, Ринат Хайруллин, Кирилл Шестаков, Милан
Яньич – Бранко Чубрило.
Резерв: Олжас
Мұханов (қ) – Мақсат Тәйкенов, Саян Мұқанов, Қазбек Гетериев, Бекзат Қабылан, Қуаныш Бегалин, Владимир Горда, Әлішер Сағынов, Алтынбек Мырзабеков.
«Қайрат»: Владимир Плотников (к) – Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Дамир Битүсіпов – Айбол Әбікен, Рамазан Оразов, Сұлтанбек Астанов, Александр Соколенко
– Вячеслав Швырев, Самат Сәрсенов.
Резерв: Данил
Устименко (қ) – Мәди Айтөре – Айбар Нұрдәлиев – Адам Адахаджиев, Рифат Нурмугамет – Артур Шушеначев.
Кубок матчтарында қатарынан екінші маусым тек қазақстандық ойыншылармен алаңға шығып жүрген «сары-қаралардың» негізгі құрамында Дамир Битүсіпов шықты, ол сол қанаттағы қорғаушы позициясында ойнайды. ҚПЛ-да сәтті дебютін өткізген Сұлтанбек Астанов алаң ортасында өзін көрсетуге тағы бір мүмкіндік алды. Шабуыл шебінде Вячеслав Швырев пен Самат Сәрсенов ойнады.
Матч алматылықтар үшін өте ауыр басталды. Бірінші таймның ортасынан бастап «Қайрат» тоғыз ойыншымен қалды. Алдымен матч төрешісі Денис Тевяшев Нұралы Әліпті, кейіг Елдос Ахметовты алаңнан қуды. Соған қарамастан алматылықтар 18-минутта есеп ашты, қапталдан асырылған пасты Сұлтанбек Астанов голға айналдырды. Командалар үзіліске қонақтардың минималды басымдығымен кетті.
Екінші таймда «Каспий» ойыншылары Владимир Плотников қақпасына шабуылды ұлғайтты. Жанкүйерлерге лық толы «Жас Қанат» стадионы өз командасына шабыт берді. Ақтаулықтар Ринат Хайруллиннің голымен есепті теңестірді, ол әдемі соққымен алматылықтардың қақпасына ғажап гол соқты – 1:1. Алаң иелері есепті теңестірген соң да шабуылын тоқтатпады. Сава Ковачевич шәкірттері есепте алға шығатын бірнеше мүмкіндік жасады. Алайда Владимир Плотников пен оның командаластары сенімді ойнап, өз қақпасына гол жібермеді. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Экстр-таймдар да жеңімпазды анықтап бере алмады.
Матчтан кейінгі пенальти сериясын Айбол Әбікен бастады. Ол жойқын соққымен «сары-қараларды» алға шығарды. Артынша капитан шеберлік танытты. Владимир Плотников Қуаныш Бегалиннің соққысын кері қайтарды. Артынша Адам Адахаджиев пен Бранко Чубрило гол соқты. Өкінішке қарай, Александр Соколенко мен Вячеслав Швырев қақпашы Нұрлыбек Аязбаевтан айласын асыра алмады. Шаршағандары байқалды. 5:5 кезінде нүктеге келді Михаил Габышев келіп, допты маңдайшаға тигізді! Одан кейін тепкен Айбар Нұрдалиевтің қателесуге құқығы болмаған. Қайраттықтар серияда қайта алға шықты. Шешуші сәт Саян Мұқанов пен Владимир Плотников дуэлі арасында болды. Жақында ғана 33 жасқа толған капитан қарсылас тепкен допты қайтарып, «Қайраттың» жеңіске жетуіне көмектесті.
Серия есебі – «Қайраттың» пайдасына 5:6. Алматылықтар Қазақстан кубогының ширек финалына шықты.