«Қайрат» футбол клубы наурыз айында өтетін маусымға дайындық жұмыстарын жалғастыру үшін Анталияға жол тартты.
«Сары-қаралар» құрамында түркиядағы қорытынды оқу-жаттығу жиынына 26 футболшы жол тартты:
Қақпашылар: Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт, Никита Пивкин;
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Дино Миканович, Раде Дугалич, Нұрлан Дайыров;
Жартылай қорғаушылар: Айбол Абикен, Еркебұлан Тұңғышбаев, Конрад Вржещиньский, Яцек Гуральский, Сұлтанбек Астанов, Еркебұлан Сейдахмет, Әліби Тузақбаев, Адам Адахаджиев, Небойша Косович, Гүлжигит Алыкулов, Камо Оганесян, Данияр Әлімжан;
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Артур Шушеначев, Абат Аймбетов, Данияр Үсенов.
Қорытынды оқу-жаттығу жиыны аясында төрт бақылау матчы жоспарланған:
13-ші ақпанда «Қайрат» мәскеулік «Динамомен» спарринг өткізеді, 15-ші ақпанда «сары-қаралар» «Днепр-1» СК-мен күш сынасады. 17-ші ақпанда Ресейдің қазіргі чемпионы, санкт-петербургтік «Зенит» командасымен кездесу жоспарланған. 19-шы ақпанда Алексей Шпилевский командасы Леонид Слуцкий басқаратын казаньдық «Рубинге» қарсы ойнайды.