«Қайраттың» «Астана Аренада» өткен кешкі жаттығуы жақсы көңіл-күйде өтті. «Сары-қаралар» командасы «Шахтерге» қарсы матчқа дайындықты аяқтады.
Алексей Шпилевский бастаған команда жеке және топ болып дайындықтан өтті. Алматылық клуб қорғаныста мықтап жұмыс жасады және қарсыластың қорғанысын бұзуды мақсат тұтты. Сонымен қатар, жаттығу барысында жылдамдықты ұштау, допты беру кезінде дұрыс шешім қабылдай алу және шабуылды дамыту секілді міндеттерге баса көңіл аударылды.
Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:- Бүкіл апта жемісті
өтті. Команда табиғи және жасанды газонда дайындықтарын пысықтады. Бүгін
аренада ертеңгі «Шахтерге» қарсы өтетін матчқа дайындалдық. Жаттығу ойыншыларға
жақсы әсерін сыйлады деп ойлаймын. Бапкерлер штабы да бүгінгі жаттыуға, апта
бойы жасалған жұмыстарға риза. Футболшылар жақсы көңіл-күймен керемет дайындық
өткізді – қуантарлық нәрсе.