«Сары-қаралар» Қарағандыда «Шахтерға» қарсы матчқа дайындықты жаттығу сетімен аяқтады.
«Қайраттық» футболисттер дене шынықтыру бапкері Христос Пападопулостың басшылығымен жақсылап дене қыздырып, кейін Алексей Шпилевскийдің бастамасымен бірнеше жаттығу жасады. Артынша «сары-қаралар» топтарға бөлініп жылдам паспен ойынның бірнеше нұсқаларын жаттықты. Одан кейін команда қайтадан екі топқа бөлініп шабуылдың аяқталуын пысықтады.
«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский:
«Біз клуб басшылығымен, командамен, штабпен («Оқжетпеске» қарсы) ойын жайлы көп сөйлесіп, талқыладық. Біз әлі де ештеңе жоғалмағанын түсінеміз. Алда маңызды тоғыз матч. Егер бар күшімізді салсақ, ең жақсы матчтарымызда әрекет еткен сияқты жасасақ, бәрі шын мәнінде мүмкін. Ертең команда барын салатын, жауынгерлік ойынды күтемін. Барлығы біздің қолымызда. Біз үлкен жұмыс атқардық және одан әрі жұмыс істейміз. Иә, біз өз жеңіс сериямызды үздік, бірақ дәл қазір мінез көрсететін және де жаңа жеңіс сериясын бастайтын сәт» .