Павлодарда футболдан 2018 жылғы Қазақстан кубогының 1/2 финалындағы «Ертіс» пен «Қайраттың» қарымта матчы өтті.
Орталық стадионда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Алайда бұл жеңіс павлодарлықтарға турнирдің финалына жолдама берген жоқ. Алматылық клуб сырт алаңда соққан голының арқасында ақтық сынға өтті.
Естеріңізге салсақ, Алматыда өткен алғашқы матчта «Қайрат» қарсыласын 2:0 есебімен жеңген болатын.
«Ертіс» (Павлодар) – «Қайрат» (Алматы) – 3:1 (1:1)
Голдар: 1:0 Фонсека, 5, 1:1 Бахтияров, 41, 2:1 Фонсека, 71, 3:1 Воменко, 80
Орындалмаған пенальти: Исламхан, 50 (бағана).
«Ертіс»: Калмыков, Есімов, Кислицын, Аврамия (Салами, 53), Стаменкович, Шмидт, Гомес, Кисляк, Калинин (Воменко, 63), Попадюк (Смаилов, 89), Фонсека.
«Қайрат»: Плотников, Соколенко, Лунин, Әбікен (Сүйімбаев, 11), Кейлер, Бахтияров (Оразов, 79), Жуков, Вороговский, Парагульгов, Исламхан, Швырев (Шушеначев, 86).
Ескертулер: Парагульгов, 25, Сүйімбаев, 43, Фонсека, 89
Төрешілер: Денис Тевяшов, Виталий Дерцапф (екеуі де – Уральск), Денис Виноградов (Петропавл).