«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» прессинг-машинаға айналуда. Vesti.kz алматылықтарды ҚПЛ бас фавориті деп атайды
Біз туралы БАҚ

«Қайрат» прессинг-машинаға айналуда. Vesti.kz алматылықтарды ҚПЛ бас фавориті деп атайды

28 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат» Түркияда таңқаларлық үшінші жиын өткізіп, қарсыластармен болған ойындарда жоғары деңгей көрсетті. Vesti.kz тілшісі алматылықтардың ойынын талдап, Алексей Шпилевскийдің командасының қалай дамып келе жатқанын көрді.

«Қайраттан» Исламханның, Жуков пен Қуаттың кетуін жұртшылық ауыр қабылдады. Бірақ команда одан зардап шегіп жатқан жоқ, керісінше әр жиынмен, әр ойын сайын жақсы ойын көрсетіп келеді.

Өткен жылдың өзінде Айбол Әбікен шеберлік қосып, Қуаттың заманауи, жас және көпфункционалды нұсқасына айналды. Оның шеберлігінің артқанын барлығы, соның ішінде Михал Билекте байқап, күзде Айболды ұлттық құраманың тірек аймағына қойды. Қыста Әбікен өз шеберлігін жоғалтпай, қайта ол шабуылдардың екпінін арттырып, командалық ойынға ең көп қатысатын футболшылардың бірі болды. Айболға Шпилевскийдің де қалай сенім артып жатқандығы байқалады. Мүмкін белорус Айболды команданың ойындағы жаңа көшбасшысы ретінде ғана емес, менталдық мағынада да көшбасшы ретінде көруі мүмкін. Сонымен қатар, Әбікен клуб тәрбиеленушісі, бұл клубтың ұзақ мерзімді стратегиясы.

Яцек Гуральски - бұл Жуковтың таза мұрагері емес, ол қорғанысқа жақын ойыншы. Прессинг, тәртіп және агрессия жағынан - бұл Шпилевскийге қажет ойыншы, бапкер үшін мінсіз трансфер. Оның үстіне, ойыншының деңгейі шын мәнінде күмән туғызбайды, Польшаның қазіргі құрама сапына шақырылу – өте қиын міндет. Яцек соңғы бірнеше жыл бойы бұл міндетті сәтті орындап келеді.

Біз болжағанымыздай, черногорец Небойша Косович та жаңа қырынан ашылып келеді. Өткен жыл бойы югослав командаға қиын бейімделді. Қазіргі маусымаралық және оның тікелей бәсекелестерінің кетуі 24 жасар жартылай қорғаушыны жаңа  қырынан ашты. Енді Небойша ойынды батыл басқарып, соңғы пас үшін жауап береді, кеңістікті шебер пайдаланады және ұжымдық прессингтен ажырамайды (Исламхан секілді). Андрей Аршавиннің өзі Косовичтің керемет ойынын атап өтті: «Менің ойымша, өте ақылды футболшы және ойын оның алдында жүріп жатыр». 

Толық материалды мына сілтеме бойынша алуға болады: https://vesti.kz/kazfutbol/276813/

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»