Қарағандылық «Шахтерге» қарсы матчпен алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының бірінші айналымын аяқтады. Айналым қорытындысы бойынша, халық командасы өткен 11 турда ең көп жанкүйер жинаған команда атанды.
«Қайраттың» өз алаңындағы матчтарына 56 200 жанкүйер келген, бұл орташа есеппен 9 367 адамды құрайды. Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» қатарынан төрт жыл бойы Қазақстанда жанкүйер көп жинайтын клуб атанып келеді.