Алексей Шпилевскийдің шәкірттері дайындық кезеңін Павлодардың «Орталық» стадионында аяқтады.
Павлодарға келген қайраттықтар белсендіру жаттығуларын өткізіп, газонды сынап көрді. Белсендіру сессиясынан кейін «сары-қаралар» екі топқа бөлініп, шешім қабылдау жылдамдығын жақсартуға бағытталған бірнеше жаттығулар өткізді. Сет қатысушы ойыншылардың үнемі ауысуымен өтті. Одан кейін команда қысқа және орта қашықтықта пас дәлдігін жақсартуға арналған жұмыс істеді. Жаттығу қақпаға доп соғумен және стандарттарды пысықтаумен аяқталды.
Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері»:
«Жаттығу аптасы мазмұнды болды. Өткен матч командаға сенімділік берді. «Тобылмен» біз ең үздік ойындардың бірін өткіздік. Әсіресе статистикалық тұрғыдан. Осындай жақсы қарқынмен қалған екі матчты да өткіземіз. Біздің барлық футболшыларымыз екі матчта да жеңіске жетуді қалайды. Команданың көңіл-күйі өте жақсы. Ойынға қатыса алмайтын футболшыларға келер болсақ, сары қағаздардың көптігінен Нұралы Әліп ойнай алмайды. Небойша Косович құрамада алған жарақатынан кейін қалыпқа келуде. Сондай-ақ, Еркебұлан Туңғышбаев температурасы жоғары болғандықтан ойынға қатыспайды».