«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат»  ҚПЛ 29-шы турының матчына дайындықты аяқтады
Қайрат

«Қайрат» ҚПЛ 29-шы турының матчына дайындықты аяқтады

04 октября 2019
/ 11:00

«Сары-қаралар» «Ақтөбеге» қарсы ойынға дайындық процесін аяқтады. «Орталық» стадионда теориялық және практикалық сессия өтті.

«Қайрат» ойыншылары стадионға келіп, теориялық сабақ өткізіп болғаннан кейін практикалық сет өткізді. Футболшылар Алексей Шпилевскийдің басшылығымен бірнеше жаттығуларды орындады. Одан кейін алматылықтар топтарға бөлініп, жылдам пас ойынының әр түрлі нұсқаларын жаттықты. Осыдан кейін команда қайтадан топтарға бөлініп, шабуылдардың аяқталуын, сондай-ақ стандарттардағы түрлі іс-қимыл нұсқаларын пысықтады.                                                                   

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:                                                                                                                                                                                         «Жаттығу аптасы қысқа болды. Біз командаға сейсенбі күні демалыс бердік. Осы аптада ең бастысы-периодизация немесе физиология емес, ойыншылардың психологиялық сергектігі. Қазір финалдық жүз метірліктің соңғы метіріне жүгіргенге ұқсас жағдай. Бірінші келу үшін мәреге жақындағанда жылдамдық қосу маңызды. Мен жаттығуларға ризамын. Ойыншылар жалындап тұр, қуатталған, барлығы позитивте. Командалық рух жоғары деңгейде. Ойынға қатыса алмайтындарға келер болсақ, ертең жарақатына байланысты Нұралы Әліп ойнамайды, ал Исламбек Қуат сары қағаздарға байланысты матчты өткізеді».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»