«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» пен «Жетісу» ұпай бөлісті
Қайрат

«Қайрат» пен «Жетісу» ұпай бөлісті

23 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» – «Жетысу» 0:0

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Дино Миканович, Елдос Ахметов, Раде Дугалич, Ян Вороговский - Айбол Әбікен, Небойша Косович, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) - Мартон Эппель.

Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Политевич - Исламбек Қуат, Еркебұлан Тұңғышбаев, Чжон Ву Хан, Сұлтанбек Астанов - Вячеслав Швырев, Самат Сәрсенов.

«Жетісу»: Андрей Шабанов (Қ) - Камо Оганесян, Никита Наумов, Мейрам Сапанов, Дэвид Мавутор, Ермек Қуантаев - Еркін Тапалов, Мантас Куклис (К) - Ненад Адамович, Руслан Степанюк, Елжас Алтынбеков.

Резерв: Дмитрий Колбунцов (Қ) - Максим Чалкин, Андрей Лебедев, Олжас Керімжанов, Рауан Орынбасар - Иван Антипов, Рауль Джалилов - Айбар Жақсылықов, Олег Хромцов.

«Орталық» стадионда өткен Премьер-Лиганың 15-ші турының кездесуі тең нәтижемен аяқталды. «Сары-қаралар» бірінші минуттан бастап алға ұмтылды. Командасының үздік мергені Эсеола сары қағаздарды көп жинағаны үшін матчқа қатыса алмады. Шабуылда алғашқы минуттардан Мартин Эппель шықты. Оған Бауыржан Исламхан, Небойша Косович, Рамазан Оразов және Георгий Жуков көмектесті. Матчтың басында бәрі түсінікті болды– қонақтар қорғанып, кейде қарсы шабуылдайды. Нәтижесінде, таймның басым бөлігін талдықорғандықтар өз жарты алаңында өткізіп, қарсыласқа еркін шабуылдауға мүмкіндік бермеді. Дегенмен, алаң иелері қауіпті сәт ұйымдастырды. Бауыржан Исламхан сытылып шығып, алыс бұрышты көздеген. Өкінішке орай, допты қақпа бағанасы өзіне қабылдады. Бірінші таймның аяғында «Жетісу» да көзге түсті. Елжас Алтынбеков Стас Покатиловты тексеріп көрген. Бірақ қақпашы қырағылық танытты..

Үзілістен кейін алаңға Исламбек Қуат шықты. Ол Небойша Косовичті алмастырды. «Сары-қаралар» қарсыластың қорғанысын бұзуға көп күш жұмсап, 11 адамнан тұратын Андрей Шабановтың қақпасына жол іздеуді жалғастырды. Екінші таймның бесінші минутында Ян Вороговский дәл паспен Эппельді тапты. Жуковпен пас алмасқан венгр футболшысы допты команда капитанына қалдырды. Алайда, Исламхан тепкен доп қақпадан сәл ғана биік кетті. 

«Жетісу» ойынының бір сағатынан кейін, қожайындардан әлдеқайда аз күш жұмсап, Стас Покатиловтың қақпасына шабуыл жасауға тырысты, алайда алматылықтардың қорғанысы сыр бермеді. Қалған жарты сағатта» сары-қаралар « допты торда тулатуды көдеді, бірақ қонақтар тең нәтижені ұстап қалды. Александр Гаузердің соңғы ысқырығы 0:0 есебін тіркеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»