«Ордабасы» – «Қайрат» 0:0
«Қайрат»: Стас Покатилов (қ)
– Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев – Дино
Миканович, Исламбек Қуат (к), Георгий Жуков, Рамазан Оразов, Конрад
Вржещиньский – Самат Сарсенов.
Резерв: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер – Айбол Әбікен,
Султанбек Астанов, Хан Чжон Ву, Небойша Косович – Мартон Эппель, Адеринсола
Эсеола.
«Ордабасы»: Дмитрий
Непогодов (қ) – Пабло Фонтанелло (к), Сергей Малый, Жоао
Пауло, Темірлан Ерланов – Абдуллай Диакате, Май
Махлангу, Марат Быстров, Мирзад Миханович – Алексей Щеткин, Тимур Досмағамбетов.
Резерв: Бекхан Шайзада (қ) – Кирило Ковальчук, Дамир Дауытов, Самат
Шәмші – Мардан Төлебек, Валерий
Коробкин, Виталий Ли – Зиги Бадибанга, Тоқтар Жанғылышбай.
Шымкентте өткен кездесу – «Қайрат» үшін бір апта ішінде өткізген үшінші ойыны. Ойынның алғашқы минуттарында қарсыластар допқа көбірек иелік етті. Дмитрий Непогодовтың қақпасына Конрад Вржещиньский гол соғуға сәл қалды. Алайда қарсыластың қорғаушысы қақпаны доптан қорғап қалды.
Араға минут салып Исламбек Қуат бұрыштамадан соққы жіберді – Непогодов орнынан табылды. Шымкенттіктерден Мирзад Миханович жауап қайтарды. Алайда алыстан соғылған доп қақпадан сәл қиыс кетті. Үзіліске дейін екі команда да барынша тырысып баққанымен, есеп аша алмады.
Екінші таймда қайраттықтар барын салып бақты, алайда «Ордабасы» қорғаушылары мықты өнер көрсетті. 58-минутта Ян Вороговский Қуаттық соққысын Жуковқа бағыттады, алайда оған дәлді жетіспеді. Бірнеше минутардан кейін Алексей Шпилевский алаңға Адеринсола Эсеола мен Небойша Косовичті, Кахабер Цхададзе жауап ретінде Зиги Бадибанганы шығарды.
Бадибанга жергілікті жанкүйерлердің қуантқысы келіп еді. Бірақ та Нұралы Әліп оның жойқын соққысын қайтара білді.
Матч соңында Алексей Шпилевский командасынан Ян Вороговский екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, «Қайрат» ағымдағы чемпионатта тең ойын көрсетті. Қорытынды есеп – 0:0.