FIFA 19 симуляторынан «Орталық» стадионында «Қайрат» пен Ertis клубтары жолдастық кездесу өткізді.
Алматылықтардың намысын Алмас Қасымжанов қорғады. Павлодарлықтардан Шыңғыс Даулетқали ойнады.
Екі ойыншы да Setanta Pro League командасының киберспортшылары. Матчты Setanta Qazaqstan тікелей эфирде көрсетті.
Шыңғыс есепті ашса, «сары-қаралардың» ойыншысы алты допты қатарынан соқты. Кездесу 6:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді.