«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» пен «Динамо» тең есеппен тарқасты
Қайрат

«Қайрат» пен «Динамо» тең есеппен тарқасты

13 февраля 2020
/ 12:00

«Динамо» (Мәскеу) – «Қайрат» (Алматы) 1:1

Голдар: 0:1 Үсенов (57), 1:1 Игбун (71).

«Динамо»: Шунин (К), Паршивлюк, Шунич, Ордец, Скопинцев, Нойштедтер, Шиманьски, Игбун, Рауш, Панченко, Комличенко.

Қосалқы құрам:Сангаре, Слепов, Калачёв, Денисов, Юсупов, Рыков, Н’Жи, Соснин.

«Қайрат»: Покатилов, Миканович, Дугалич, Әліп, Сүйімбаев (К), Гуральский, Әбікен, Вржещиньский, Алыкұлов, Эсеола, Шушеначев.

Қосалқы құрам: Устименко, Ибрагимов, Төлебаев, Қасабулат, Жарлаев, Оганесян, Қосұлы, Астанов, Әлімжан, Адахаджиев, Үсенов, Тұңғышбаев, Аймбетов.

«Қайрат» қорытынды оқу-жаттығу жиынындағы бірінші матчты мәскеулік «Динамоға» қарсы өткізді, есеп - 1:1. Данияр Үсеновтың голына динамолықтар Сильвестр Игбунның дәл соққысымен жауап берді.

«Сары-қаралардың» бастапқы құрамында бірінші рет команданың жаңа ойыншысы Яцек Гуральский шықты, ол алаң ортасында Айбол Абикенмен дуэт құрды. Қорғауда өзгермейтін бестік әрекет етті, ал шабуылда Артур Шушеначев пен Адеринсола Эсеола орналасты.

«Ақ-көгілдірлер» матчты өте белсенді бастады. Жылдам Сильвестр Игбун мен Константин Рауш паспен команданың жаңа ойыншысы Николай Комличенконы іздеп, ал Рада Дугалич болса шабуылшыны сәтті жапты. Сондай-ақ, Нұралы Әліп, оң қапталмен айып алаңына  бағыт алған жартылай қорғаушыларға мүмкіндік бермей, жекпе-жектерде жеңіске жеткен болатын. Бірінші таймда тең ойын көрсеткен командалар гол сала алмай, 0:0 есебімен үзіліске кетті.

Үзілісте Алексей Шпилевский он ауысу жасап, алаңға жаңа ойыншыларды шығарды. Алаңға Равиль Ибрагимов, Әліби Тұзақбаев, Данияр Әлімжан, Камо Оганесян, Небойша Косович, Сұлтанбек Астанов, Адам Адахаджиев, Данияр Үсенов, Еркебұлан Тұңғышбаев және Абат Аймбетов шықты.

Бастапқы минут көрсеткендей, динамолықтар «Қайраттың» алаңға жаңадан шыққан шапшаң футболшыларына дайын болмағанын көрсетті. Небойша Косович ауыр жарақаттан кейін алғаш рет алаңға шығып, шабуылдармен жақсы ойын көрсетті. Ол Адахаджиевпен және Астановпен бірге «сары-қаралардың» шабуылдарын отырды. Аймбетовте, Тұңғышбаевта, Адахаджиевте ерекшеленетін мүмкіндіктер болды. Әсіресе соңғысының сәтін атап өту керек. «Динамо» айып алаңында болған фолдан кейін Адахаджиев мәскеуліктердің қақпасына соққы бағыттады, бірақ голкипер Антон Шунин допты ұстап қалды. 57-ші минутта алматылықтар жас шабуылшы Данияр Үсеновтің күшімен гол соқты. Өткен жылы «Қайрат-Жастар» құрамында дебют жасаған «Қайраттың» шәкірті, допты алып қоюда жақсы ойын көрсетіп, сол аяқпен тәжірибелі Шуниннің қақпасына гол соқты.

Жіберілген голдан кейін динамолықтар белсенділік танытты. Игбун «сары-қаралардың» жас қорғаушыларына қарсы ойнауға тырысып, орталыққа қарай үнемі ауысып отырды. Мәскеуліктердің қапталмен өтуі алматылықтардың қақпасына бірнеше бұрыштама алып келді, бірақ біздің қорғанысымыз қысымға төтеп берді. Дегенмен де, номиналдық алаң иелері өз дегеніне жетті. Комличенко сол қапталдан соққы бағыттап, ал «Слай» Игбун допты торға түсірді. Финалдық ысқырық тең есепті тіркеді – 1:1.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»