«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» пен Қазақстан ұлттық студенттер лигасы әріптестік келісіміне отырды
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» пен Қазақстан ұлттық студенттер лигасы әріптестік келісіміне отырды

22 ноября 2018
/ 00:00

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында «Қайрат» футбол клубы мен футзалдан Ұлттық студенттер лигасы арасында әріптестікке қол қойылып, баспасөз-мәслихаты өтті.

«Біз бұл әріптестіктің футзал мен футболды дамытуда үлкен жетістік пен оң қадамдар жасайтынына сенімдіміз. «Қайрат» футбол клубы әлеуметтік белсенді жоба болып саналады, біз жас буын арасында белсенді әрі салауатты өмірге шақырып, соған қатысқанымызға қуаныштымыз», - деді «Қайраттың» бас директоры Әлішер Апсалямов.

Бұл брифингтен соң спорт сарайында Қазақстан ұлттық студенттер лигасының финалдық ойындары басталды, оған бүкіл еліміздің барлық университеттерінің 25 жасқа дейінгі студенттері қатысты. Соңғы кезең 22-29 қараша арасында өтеді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»