«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» пен «Қайрат-Жастар» екі жолдастық спарринг өткізді
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» пен «Қайрат-Жастар» екі жолдастық спарринг өткізді

29 февраля 2020
/ 12:00

Клуб базасында «сары-қаралардың» Бірінші лигада өнер көрсететін «Қайрат-Жастар» мен «Қайрат» футболшылары арасында екі жолдастық кездесу өтті. Бұл спаррингтер біздің футболшыларымыздың түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан кейін отанымызда өткізген жаттығу аптасын аяқтады.

Екі матч та «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Олардың біріншісінде Абат Аймбетов дубль жасап көзге түсті. Естеріңізге сала кетейік, Абат түркияда өткен қорытынды жиындағы жолдастық кездесуде «Қайраттағы» өзінің дебюттік голын соғып, шабуылшы казандық «Рубин» қақпасын бағындырды.

Екінші кездесуде қайраттықтар көп гол соқты. «Қайрат-Жастар» командасының қақпасына Сұлтанбек Астанов, Гүлжигит Алыкулов, Дамир Қасабулат гол соғып, сондай-ақ Артур Шушеначев дубль жасады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»