«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ОЖЖ-ғы бірінші матчта «Легияны» жеңді
Қайрат

«Қайрат» ОЖЖ-ғы бірінші матчта «Легияны» жеңді

26 января 2020
/ 12:00

«Легия» - «Қайрат» 0:1

Гол: Шушеначев (42')

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев (К), Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Дино Миканович – Адам Адахаджиев, Айбол Әбікен, Еркебұлан Сейдахмет, Конрад Вржещинский – Артур Шушеначев, Абат Аймбетов.

Қосалқы құрамда: Данил Устименко – (Қ) - Данияр Үсенов, Дамир Битусупов, Вячеслав Швырев

 «Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы бірінші бақылау матчы жеңіспен аяқталды. Үлкен артықшылыққа ие болған қайраттықтар үзіліске дейін ерекшелене алды. Жалғыз голды алғашқы таймның соңында Артур Шушеначев соқты.

Матч қарсыласқа жоғары қарқын ұсынған, «сары-қаралардың» шабуылынан басталды. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері шабуылдарды құру үшін соңғы қорғаушыларды қолданып, үнемі қақпаға гол соғу мүмкіндігін іздеді. «Легия» сирек қарымта шабуылдармен жауап берді. 12-ші минутта Стас Покатиловтың қақпасына пенальти тағайындалып, қожайындар ерекшеленуге мүмкіндік алды. Раде Дугалич жоғарыда допқа талас кезінде Уиллиам Ремиді итеріп, ал ол болса суреттегідей айып алаңына құлап түсті. Он бір метірлікті орындаған Матеуш Витешканың соққысы қақпаның үстінен өтті.

Осыдан кейін «сары-қаралар» қайтадан бастаманы өз қолына алып, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Ғафуржан Сүйімбаев, клубта қаралымда жүрген Абат Аймбетов, сондай-ақ Артур Шушеначев қақпаға соққы жасады. Таймның соңында Шушеначевтің алыс бұрышқа жасаған дәл соққысы «Қайратқа» үзіліске басымдықпен кетуге көмектесті. Бірінші таймның минусы ретінде Еркебұлан Сейдахметтің аздаған жарақат алғанын атап өткен жөн. Соған байланысты Еркош ойынды жалғастыра алмай, оның орнына Данияр Үсенов алаңға шықты.

Екінші таймда «сары-қаралардың» қақпасына Данил Устименко тұрып, ойынды беске өткізді. Жас кипер, оның тәжірибелі әріптесі Стас Покатилов сияқты қатесіз әрекет еттіп, ал матч соңында Валериан Гвилиядан пенальтиде жеңімпаз атанды. Ойынның екінші жартысында аталған Гвилия команданың нағыз моторы болып, үнемі шабуылдарды ушықтырып, қақпаға соққы бағыттады. 74-ші минутта біздің қақпаға екінші пенальти тағайындалып, Гвилияда гол соғуға мүмкіндік болды.  Алайда, Устименко қарсыластың добын  аяқпен қайтара алды. Тағы да грузиялық жартылай қорғаушы біздің қақпашымызды бағындырғысы кеп, айып алаңынан тікелей соққы жасады. «Сары-қаралардың» қақпашысы тағы да керемет реакция танытты.   

«Қайратта» ойынның соңында басымдықты арттыра алатын мүмкіндік болды, алайда, алмастыруға шыққан Дамир Битусупов голкиперден допты асырам деп қақпаға тимеді, ал Сүйімбаев тым өткір бұрыштан соққы жасады.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»