«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ойыншылары жастар құрамасында ойнады
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ойыншылары жастар құрамасында ойнады

12 июня 2019
/ 00:00

Қазақстан жастар құрамасы EURO-2021 іріктеу кезеңі аясында кезекті матчын өткізді. 

Қазақстандық футболшылар Подгорицада Черногория құрамасына қарсы ойын өткізді. Матч қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды – 1:2. Жастар сапында Еркебұлан Сейдахмет пен Рамазан Каримов гол соғып, көзге түсті.

Алматылық клуб ойыншыларынан Нұралы Әліп және Адам Адахаджиев алаңда 90 минут бойы тер төкті. Сұлтанбек Астанов пен Артур Шушеначев матчты қосалқы құрамда өткізді.

Осылайша, екі рет жеңіске жеткен Қазақстан жастар құрамасы U-21 6 ұпай иеленді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»