«Сары-қаралар» командасы Павлодардың «Орталық» алаңында жаттығу өткізді. Жасанды газонда футболшылар топтық жұмысқа басымдылық бере отырып, бірнеше жаттығулар орындады. Алейсей Шпилевскийдің бастауымен команда шабуылға ден қоюды басты назарға алды.
Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:
— Ойынға дайындық белсенді өтті. Команданың жағдайы жақсы. Осы аптада жаттығу
әдісіне бірқатар өзгертулер енгіздік. Әдеттегідей, екі рет жаттығу жасамадық.
Команданың тынығып, қалыпқа келуін басты назарда ұстадық. Жаз айларында матчтар
көп: чемпионатта, Еуропа лигасында. Алға ұмтылысымыз жоғары. Павлодарға Конрад
Вржещиньский келе алмады – ол алған жарақатынан қалыпқа келіп жатыр. Сонымен
қатар, «Қайрат-Жастар» ойыншылары Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Рифат
Нұрмұғамет және Вячеслав Швырев секілді ойыншылар келмеді. Олар өз командасына
қажет. Ойыннан шеттетілген Дерин Эсеоланың қайта оралғанына қуаныштымын. Оның
шабуыл барысында көмегі зор.
Еске сала кетейік, ертең «Қайрат» ҚПЛ 16-туры асяныда «Астанаға» қарсы матч өткізеді. Басталуы - 20:00-де.