Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, алматылық «Қайраттың» ойыншылары еурокубоктардың осы маусымында қазақстандық клубтар арасында көш бастап келеді. «Сары-қаралардан» бөлек, биыл жазда Қазақстанның намысын халықаралық аренада «Тобыл» мен «Ертіс» қорғаған. Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Астана» өз бағын сынап жатыр.
Еуропа лигасының алғашқы екі іріктеу кезеңінен соң «Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель 5 голмен тізімде көш бастап тұр. Екінші орынды да «қайраттықтар» еншіледі – Адеринсола Эсеола мен Бауыржан Исламхан үш голдан соғып шықты. Ал үшінші сатыда елордалық ойыншы Ласло Кляйнхайслер мен қостанайлық шабуылшы Максим Федин келеді, оларда екі голдан бар.
Сонымен қатар, «Қайраттың» футболшылары «гол+пас» көрсеткішінде де алда келеді: венгр Мартон Эппель 5 голмен көзге түсті, ал Бауыржан Исламхан еншісіне үш гол мен бір нәтижелі пас жазып, екінші орында тұр.