«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» қонақтағы екінші жеңілісіне ұшырады
Қайрат

«Қайрат» қонақтағы екінші жеңілісіне ұшырады

01 мая 2019
/ 00:00

«Қайсар» – «Қайрат» 2:1

Гол: Эппель (20'), Марочкин (52') Тағыберген (64')

«Қайсар»: Александр Григоренко (қ) – Ильяс Амирсеитов, Марк Гурман, Александр Марочкин, Иван Граф, Абдель Азиз Ламанж – Тигран Барсегян, Думан Нарзилдаев, Мақсат Байжанов, Асхат Тағыберген – Куле Ричард Мбомбо.
Резервте: Марсель Исламқұлов (қ) – Олжас Алтаев, Иван Садовничий, Валентин Чуреев – Марат Хайруллин, Шоқан Абзалов, Самат Балымбетов – Өркен Махан, Игорь Зенькович.

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) – Сергей Кейлер, Айбол Әбікен, Раде Дугалич, Дино Миканович – Исламбек Қуат (к), Георгий Жуков, Небойша Косович, Конрад Вржещиньский, Сұлтанбек Астанов – Мартон Эппель.
Резервте: Данил Устименко (қ) – Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Александр Соколонеко, Хан Чжон Ву – Вячеслав Швырев, Адеринсола Эсеола.

«Қайрат» қонақтағы екінші ойынын Қызылордада өткізді. Матч алматылықтардың шабуылымен басталды. 9-минутта Раде Дугалич есеп ашуға жақын болды, алайда қақпаға қарай тепкен добы бағананы жанап өтті. Осылайша, допқа иелік еткен «Қайрат» кездесудің алғашқы 20 минутында қонақтард сауатты ойнап, қауіпті шабуылдарды жиі ұйымдастырды. Сондай сәттердің бірінде есеп қожайындарға қарсы гол да соғылды. Ойынның 20-шы минутында Айбол Әбікен алаң ортасынан Конрад Вржещиньскийге допты тепті. Ал ол болса, қақпаға қарай өтіп Мартон Эппельге пас берді. Шабуылшы жойқын соққысымен есеп ашты.

Алматылықтар есепті ұлғайтуға мүмкіндіктері болғанымен, оларға ойында дәлдік жетіспеді. 0:1 есебімен ойынның бірінші бөлігі аяқталды.

Екінші таймда «сары-қаралар» тағы да шабуылда басым түсті, алаң иелері қорғанысқа көшті.

Кездесудің 52 минутында қорғаушы Александр Морочкин қауіпті шабуылдардың бірінде есепті теңестірді.

Араға 10 минут уақыт салып, «қасқырлар» есеп санын ұлғайтты. Қожайындардан  Марат Хайруллин Асхат Тағыбергенге пас берді. Тағыбергенннің қақпаға бағыттаған  жойқын соққысын Стас Покатилов қайтаруға батылы жетпей, допты қақпаның жібек торынан шығаруға мәжбүр болды. Есеп – 2:1.

Финалдық ысқырық естілгенше қайраттықтар екінші голын соғуға ұмтылумен болды. Алаңға енді шыққан Адеринсола Эсеола да мүмкіндік болды. Мартон Эппель дубль жасауға болатын еді. Дино Миканович ойын аяқталуға аздаған минуттар қалғанда қожайындардың қақпасына жиі соққылар жасады. Алайда қызылордалықтардың  қақпашысы орнынан табыла білді. Кездесу 2:1есебімен «Қайсардың» пайдасына шешілді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»