«Сары-қаралар» жұмадағы кешкі жаттығумен өз алаңындағы матчқа дайындық процесін аяқтады.
Алексей Шпилевский шәкірттері «Оқжетпеске» қарсы матчқа жоғары көңіл-күймен келеді. Бапкерлік штабпен пікірінше, өз алаңындағы ойында дайындық процесі өте жемісті болды. Команда алдағы кездесулерді максимум ұпай жинай алды, енді жеңістер сериясын жалғастыруға дайын. Бас бапкердің сөзінше, Сергей Политевич жаттығу жұмысын жоғары деңгейде өткізіп, бапкерлік штабты қуантты. Естеріңізге салсақ, қорғаушы жақында ғана жарақатынан айыққан болатын. Сондай-ақ, Исламбек Қуат пен Айбол Әбікен де жалпы топпен жұмыс істеді. Олардың жаттығудағы жұмысы жоғары бағаланды.
Алексей Шпилевский, «Қайраттың» бас абпкері: «Біз Премьер-лигаға оралған командамен кездесеміз. Қиын матч болатын. Мұндай командалар максимум күшін көрсетуге тырысады. «Қайратқа» қарсы бәрі де ерекше жігермен шығады.
Үш жеңістен соі бізден төртінші табыс күтеді. Жеңіс сериясын жалғастырғымыз келеді. Команда жігерлі. Матчтың әр секундында жүз пайызға жанын салу керек екенін бәрі де түсінеді.
Команда дамып келеді. Процесс бар. Бізден бәрі де жақсы ойын күтеді. Бірінші кезекте, өзіміз күтеміз. Сенімді бола бастадық. Команданың соы кезеңдегі жұмысына көңілім толады».