«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» оқу-жаттығу жиынын «Рубинді»  жеңумен аяқтады
Қайрат

«Қайрат» оқу-жаттығу жиынын «Рубинді» жеңумен аяқтады

19 февраля 2020
/ 12:00

«Рубин» - «Қайрат» - 2:3 (0:)

Голдар: Аймбетов (14'), Дугалич (16'), Вржещиньский (36'), Давиташвили (77') Абильдгор (90')

«Рубин»: Дюпин — Сантос, Уремович, Данченко, Зуев — Подберезкин (К), Коновалов, Давиташвили, Макаров, Йевтич — Игнатьев.

Қосалқы құрам: Коновалов, Городовой, Бакаев, Могилевец, Башкиров, Степанов, Тарасов, Абильдгор, Закиров, Старфельт, Поярков.

«Қайрат»: Устименко — Миканович, Әліп, Дугалич (К), Кейлер — Әбікен, Гуральский, Косович, Вржещиньский, Тұңғышбаев — Аймбетов.

Қосалқы құрам: Покатилов, Суюмбаев, Тұзақбаев, Оганесян, Астанов, Әлімжан, Адахаджиев, Үсенов, Сейдахмет, Шушеначев.

«Сары-қаралар» сапында алғашқы секундтан бастап Устименко, Миканович, Әліп, Дугалич, Кейлер, Әбікен, Гуральский, Косович, Вржещинский, Тұңғышбаев және Аймбетов алаңға шықты. Эсеола жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады.

Ойын «Рубин» шабуылынан басталды. Қазандықтар бірінші нөмірмен ойнамақшы болып еді, алайда «Қайрат» допты жылдам өз бақылауына алды.  Алматылықтар жекпе-жектерді жеңіп, прессингпен басымдық танытып, номиналды қожайындарды қателесуге мәжбүр етті. «Сары-қаралар» шабуылдарына Небойша Косович дирижерлік етті. Ол Абат Аймбетовке керемет пас шығарып,  Аймбетов қақпаның алдында допты күтіп алып, «Қайрат» футболкасында өзінің бірінші голын соқты.

Екі минуттан кейін «сары-қаралар» өз артықшылығын екі еселеді. Сергей Кейлер бұрыштық жалаушадан  жоғарлатып пас беріп, ал Раде Дугалич қарсыласын оңай секіріп озып,  допты қақпаға соқты. Қарсыластар  Данил Устименко қақпасының алдында әрекет етіп тырысқанымен, бірақ біздің қорғаныс қарсыластың шабуылына оңай төтеп берді.

«Қайраттың» үшінші шабуылы ойынның бірінші жартысына нүкте қойды десек те болады. Абат Аймбетов Қосовичке допты беріп, айып алаңына жүгірді. Косович  жел аяқ Вржещиньскийге пас беріп, ол Абатқа допты шығарып берді. Форвардтың соққысы қарсылас қақпасының маңдайшасына тиіп,  бірақ поляк  дәл кезінде үлгеріп, басымен допты торға бағыттады. Үзіліске дейін  алматылықтарда тағы да гол соғатын мүмкіндік болды.

Үзілістен кейін Алексей Шпилевский Косович, Миканович пен Тұңғышбаевты  алаңынан алып тастап, Усенов, Оганесян мен Шушеначевке мүмкіндік берді. Содан кейін көгалға Алықұлов, Астанов, Адахаджиев шықты.  Яғни, бапкер негізгі құрамға қадам жасап жатқан жас футболшылардың көбісіне ойнауға мүмкіндік берді. Матч соңында Ғафуржан Суюмбаев пен Еркебұлан Сейдахмет алаңға шықты.

«Қайрат» құрамындағы өзгерістер қарсыластарға өз қақпасынан ойынды жылжытып, шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Матч соңында олар стандарттарды екі рет керемет пайдаланды. Алдымен пенальтиден Зурико Давиташвили гол соғып, ал ойынның соңына қарай Оливер Абильдгор «екінші қабаттан» қақпаға гол соқты. Финалдық ысқырық «Қайраттың» 2:3 есебімен жеңген жеңісін тіркеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»