Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында ғажайып нәтижеге қол жеткізді.
«Қайрат» - АЗ – 2:0
Голдар: Эсеола, 12, 50
«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Ян Вороговский, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев - Исламбек Куат (85, Парагульгов), Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) - Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин (90+1, Жуков), Адеринсола Эсеола (78, Эппель).
Резерв: Стас Покатилов (Қ) - Айбол Әбікен, Станислав Лунин - Вячеслав Швырев.
АЗ: Марко Бизот (Қ) - Марко Бизот, Рон Влаар, Томас Оуведжан, Пантелис Хацидиакос - Матс Сентьенс, Фредрик Мидтше, Гуус Тил (К) - Мирон Боаду, Уссама Идрисси, Фред Фрайдей.
Резерв: Роди де Бур (В) - Оуэн Вайндал, Леон Бергсма - Илиас Бель-Хассани, Джейми Якобс, Тиджани Рейндерс - Ферди Дрейф.
«Орталық» трибуналарының тамаша қолдауы «сары-қараларды» шабыттандырғаны анық, кездесудің 12-минутында алаң иелері гол соқты – «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола оң қаптал арқылы АЗ-дың қорғанысынан сытылып өтіп, Бизот қақпасынан саңлау тапты.
Келесі екі мүмкіндік те Эсеолада болды: бірінші шабуылда Дерин қонақтардың айып алаңына енген, бірақ төреші ойыншының құлағанына сенбей, симуляция үшін сары қағаз көрсетті.
Келесі шабуылда Эсеола гол соққан сәтін қайталап, нидерландтықтардың қақпасына бет алған, алайда допты тым алыстатып алды. АЗ да өзінің қауіпті шабуылын пайдалана алмады: 33-минутта Ауэян біздің айып алаңымызға пас асырған, бірақ доп қонақтарға жетпеді.
Екінші таймда да «Орталық» трибуналары «сары-қара» туды жоғары көтеріп, бір қуанып қалды! 50-минутта Эсеола АЗ қақпасының маңындағы қарбаластан соң өз мүмкіндігін мүлт жібермеді – 2:0.
73-минутта біз тағы да көзге түстік! Исаэль жалғыз қалған Исламханға пас асырған, кэп қақпаға жақындай бере соққы жасады – бірақ голкипер орнынан табылды.
Артынша «Қайрат» қорғаныста да, шабуылда да сенімді ойнап, қарсыласқа мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде алматылықтардың сенімді жеңісі – 2:0!