«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» маңызды жеңіске қол жеткізді
Қайрат

«Қайрат» маңызды жеңіске қол жеткізді

30 июня 2019
/ 00:00

«Астана» – «Қайрат» 0:2

Гол: Раде Дугалич (68'), Айбол Әбікен (71').

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Евгений Постников, Дмитрий Шомко - Иван Маевский, Юрий Логвиненко, Рунар Мар Сигурьонссон - Дорин Ротариу, Роман Мұртазаев, Марин Томасов.

Резервте: Станислав Павлов (Қ), Александр Мокин (Қ) - Марин Аничич, Абзал Бейсебеков - Серикжан Мужиков, Юрий Перцух - Рамазан Каримов, Сергей Хижниченко, Рангело Янга.

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Дино Миканович, Елдос Ахметов, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Рамазан Оразов, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Исламхан (К) - Адеринсола Эсеола.

Резервте: Данил Устименко (Қ) - Сергей Кейлер, Сергей Политевич - Исламбек Қуат, Небойша Косович, Еркебұлан Тұңғышбаев, Сұлтанбек Астанов - Самат Сәрсенов, Мартон Эппель.

16-тур матчы павлодарлық «Орталық» стадионда өтті. «Қайрат» бұл кездесуде 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Елодарда өтуі қажет болған кездесу Павлодарға ауысты. Ойының алғашқы 15 минуты «сары-қаралардың» жасанды газонға бейімделуімен өтті. Осы уақыт аралығында екі команда да бір-біріне қауіпті сәттер жасай білді. Қожайындар сапынан Роман Мұртазев соққы жасай білсе, алматылықтардан Бауыржан Исламхан көзге түсе алды. 30-минутта Ненад Эричтің дайындығын Дино Миканович тексерді. Ол айып алаңынан жойқын соққымен допты теуіп,қарсыластар қақпасына жіберді. Алайда Эрич қаққан доп бұрыштамаға қарай ұмтылды. Командалар үзіліске дейін бір-бірін ала алмады.

Екінші таймда «Қайрат» Эрич қақпасына қысымды үдетті. 65-минутта Алексей Шпилевский Георгий Жуковтың орнына алаңға Исламбек Қуатты шығарды. Алаңға шыққан Қуат екі минуттан кейін маңызды бұрыштамаға жіберді. Жетінші нөмірдің қатысуымен жасалған Эрич қайтара алмады. Есеп санын Раде Дугалич ашты – 0:1. Орталық қорғаушы өзінің голын жақында ұлды болған Небойша Косовичке арнады.

Екінші гол үш минуттан кейін соғылды. Айбол Әбікен қорғаушылар берген пасты қарсыластар қақпасына қарай дәл көздей білді. 0:2 – «Қайраттың» енімді жеңісі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»