«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат-Лиганың» үздік командалары медальдарын алды
Академия жаңалықтары

«Қайрат-Лиганың» үздік командалары медальдарын алды

17 ноября 2019
/ 12:00

С. П. Квочкина атындағы Академияда бес түрлі жас аралығында  «Қайрат-Лиганың» үздік командаларының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында «Қайрат» ФК клубтың франшизалары мен филиалдары қатысқан жаңа форматтағы балалар чемпионатын ұйымдастырды.

Марапаттау рәсіміне атақты «сары-қаралардың» голкипері Құралбек Досжанұлы Ордабаев, клубтың техникалық директоры Евгений Красиков, Алматы футбол федерациясының бірінші вице-президенті Владимир Викторович Ахунов, сондай-ақ «Қайрат» қақпашысы Данил Устименко қатысты. Олардың барлығы турнирдің үздік командаларына медальдарды қуана табыс етті.

Медальдардан, кубоктардан және естелік сыйлықтардан басқа филиалдардың үздік футболшылары клуб академиясына арнайы шақырту алды. Сонымен қатар, жарыстың барлық қатысушылары мен олардың туыстары «Қайрат» ФК-ның 2020 жылға арналған абонементтерін сатып алуға жеңілдік шарттарын алды.

 

2008 жылы туған ЛИГА:

1 орын- «Қайрат F2»

2 орын – «Қайрат FB1(2)»

3 орын- «Қайрат-Торнадо»

 

 2009 жылы туған ЛИГА:

1 орын – «Қайрат-Нархоз»

2 орын – «Қайрат-Land»

3 орын- «Қайрат-Торнадо»

 

 2010 жылы туған ЛИГА:

1 орын – «Қайрат-Нархоз»

2 орын- «Қайрат-Торнадо»

3 орын- «Қайрат F2»

 

2011 жылы туған ЛИГА:

1 орын – «Қайрат-Момышұлы»

2 орын- «Қайрат-Меркурий»

3 орын- «Қайрат-Football Land»


 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»