«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» «Хапоэльге» қарсы ойынға дайындықты аяқтады
Қайрат

«Қайрат» «Хапоэльге» қарсы ойынға дайындықты аяқтады

24 июля 2019
/ 11:00

«Сары-қаралар» Бэер-Шевалық «Хапоэльдің» «Тото Тернер» стадионында ойын алдындағы жаттығуын өткізді. Алматылықтар өзінің «жылдам» көгалымен ерекшеленетін стадион алаңын сынақтан өткізіп, ертең қолданылатын доптарды байқап көрді. Дәстүрлі бейімделуден кейін, «сары-қаралар» екі командаға бөлініп, допты жоғалтқаннан кейінгі жылдам қайтаруға, шабуыл жылдамдығын дамытуға бағытталған жұмыс жасады.Соңғы соққыға ерекше назар аударылды.

 «Кайраттың» бас бапкері-Алексей Шпилевский :

Спецификалық алаңды сезіну маңызды болды. Суарудан кейін ол біздікіндей 15 минут ішінде құрғамайды. Жоғары ылғалдылықтың арқасында ол ұзақ уақыт бойы сулы боп тұрады. Ең бастысы бүгін біз бейімделу жаттығуын өткізіп, қысқа екі жақты ойын ойнадық. Бұл командаға осы  жерде  дем алу қалай болатынын, ойын кезінде қалай ауысу керектігін, қалай тез арада қайтаруға кіру керектігін түсіну үшін қажет. Стадион барлығына ұнады. Ол жайлы. Ертең стадион толы болатын шығар.Атмосфера өте керемет болады. Мен команданың көңіл-күйіне ризамын, барлығы жеңіске құштар.

Еске сала кетейік, «Хапоэль» - «Кайрат» матчы бүгін, 25 шілде де, алматылық уақытпен сағат 23:20 басталады

 

 

 


 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»