Ұлттық құраманың ойындарына байланысты Қазақстан чемпионатында үзіліс болуы себепті «Қайрат» ойыншылары мен бапкерлік штабы қысқа мерзімді демалысқа шықты.
Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылар 30 тамызда Астанада жиналады. Ал 6 қыркүйекте қазақстандық команда УЕФА Ұлттар лигасы аясында Грузия құрамасымен кездеседі.
«Сары-қаралар» 5 қыркүйекте қайта жиналады. Ал ұлттық құрама ойыншылары жалпы топқа 12 қыркүйекте қосылып, команда оралдық «Ақжайыққа» қарсы өз алаңымызда өтетін матчқа дайындалады.