Клубтың спорт базасында өткен команданың кешкі жаттығуында күтпеген әрі жағымды қонақ болып біздің жанкүйеріміз Айбек келді. Жас жанкүйеріміз алматылық «Қайратта» ойнайтын сүйікті футболшыларымен көрісіп, танысуды көптен бері армандап жүрген болатын.
Қазіргі уақытта Айбек Оңтүстік Кореяның халықаралық клиникаларының бірінде қатерлі ісік ауруынан емделуде. Алматыда болған кезінде біз Айбекке негізгі команданың жаттығуларының біріне шақырдық, мұнда жас қайраттық ойыншылардың жұмыс процесін бақылап, доппен ойнап, жаттығу жұмысы аяқталғаннан кейін сүйікті ойыншыларымен танысты.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Айбекке зор денсаулық пен жылдам сауығып кетуін тілейді. Біз сенімен біргеміз, Айбек!