Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды аза тұту күні деп хабарлады. «Қайрат» ФК аталмыш індеттен көз жұмғандардың отбасына шын ниетпен көңіл айтады.
Бұл аза тұту күні — ел тарихындағы тоғызыншы рет болып жатқан еске алу күні. Алғашқы жалпыұлттық азатұту күні 2006 жылы 20 қыркүйекте болған, дәлірек айтқанда Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада орын алған қайғылы жағдаймен байланысты жарияланған болатын. Ал осыған дейінгі траур былтырғы жылдың желтоқсан айында тіркелді. Мұндағы себеп, Адматыда орын алған Bek Air компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы.
«Қайрат» футбол клубы пандемиядан зардап шеккендердің барлығына қайғырып көңіл айтады.
Біз барлықтарымызды өзімізді және жақындарымызды қорғауға, барлық карантин тәртіптерін сақтауға, қолдарымызды жиірек жууға, арақашықтықты сақтап, адам көп шоғырланған жерлерден алшақ болуға шақырамыз.
Рафаэль Уразбахтин: «Менің арманым орындалды»
20 ноября 2024
/15:48