«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы мен «Қуаныш сыйлаймыз» бір іс үшін бірікті
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» футбол клубы мен «Қуаныш сыйлаймыз» бір іс үшін бірікті

13 октября 2018
/ 00:00

Жалғаш Рыспек «Қайрат А» мен «Жетісу Б» арасындағы жолдастық матчтың ерекше қонағы болды.

Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒРИ) рұқсатымен «Қуаныш сыйлаймыз» жобасының командасы «Қайрат» футбол клубымен бірлесіп Рыспекке тосынсый жасауға шешім қабылдады. 14 жастағы Рыспек ісіктердің субтотальды алынуынан кейін миында медуллобластома ісінуі пайда болған.

Жолдастық матчтың алдында Жалғаш салтанатқа қатысып, допты алаңға алып шығып, ойындағы бірінші соққыны жасады. Сондай-ақ, Рыспек «Қайрат А» капитаны Сергей Кейлердің қолынан сүйікті футбол клубының жейдесін сыйға алды.

«Қуаныш сыйлаймыз» әлеуметтік жобасы онкологиялық аурулармен күресіп жүрген балаларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Бұл бірегей жоба өмір сүрген әр күні ғажайып саналатын балалардың армандарын жүзеге асыруға көмектеседі.

«Қайрат» футбол клубының ұжымы Рыспекке зор денсаулық, тез сауығып кетуі мен барлық армандарының орындалуын тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»