6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында Сирияның бірнеше провинцияларына әсер еткен бірқатар жер сілкінісі болды. 4000-нан астам адам жер сілкінісінің құрбаны болды. Табиғи апаттардың салдарынан Түркия бойынша көптеген ғимараттар құлады.
«Қайрат» футбол клубы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Осы қиын кезеңде біз сіздермен бірге қайғырамыз.