«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК-ның БАҚ / Ақпараттық агенттіктерге арналған ресми хабарламасы
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ФК-ның БАҚ / Ақпараттық агенттіктерге арналған ресми хабарламасы

08 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» кәсіпқой футбол клубы ресми түрде БАҚ / Ақпараттық агенттіктерге біздің тараптар арасында коммерциялық негізде әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған ұсыныстарды қабылдаудан бас тартатынын хабарлайды.

БАҚ / Ақпараттық агенттіктерден «Қайрат» ФК, ойыншыларға, бапкерлерге, сондай-ақ әкімші қызметкерлерге ақша негізінде жекеменшік спорттық іс-шаралар туралы немесе спорттық іс-шаралар туралы ақпараттық мақалаларды жариялауды өтінуді тоқтатуды сұраймыз.

Сонымен қатар, «Қайрат» ФК ақпараттық көздерінде жарияланған ақпараттарды өзгертіп салуға болмайтынын мәлімдейміз.

Атап айтқанда «Қайрат» ФК ақпараттық көздерінде жарияланған ақпараттар «Қайрат» ФК-ның зияткерлік меншігі болған себепті төменде көрсетілгендей өзгертуге тыйым салынады.

- Синоним қолануға;

- Тікелей сөйлемді жанама түрде аудару;

- Абзацтарды жылжыту әрі бөліп алу;

- Сөйлемдер мен сөз тіркестерін мағынасына ұқсас сөздерге алмастыру;

- Мәтінді жеңілдету;

- Жеке сөздерді және сөз тіркестерін жою немесе жылжыту;

- Сөйлемдердің грамматикалық құрылымындағы кез келген басқа өзгерістер.

Бұдан бөлек «Қайрат» ФК ақпараттық көздерінде жарияланған ақпараттарды толықтай не жартылай, видоматериалдар, суреттер және басқа да ақпараттарды БАҚ және Ақпараттық агенттіктерде жариялау тек «Қайрат» ФК баспасөз қызметінің жазбаша келісімі арқылы мүмкін екенін назарларыңызда ұстауды өтінеміз.

Жоғарыда атап өтілгеннен бөлек, ресми түрде «Қайрат» ФК БАҚ / Ақпараттық агенттіктермен тегін серіктестік жасауға дайын екенін мәлімдейміз.

Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»