Бүгін топтық кезеңнің соңғы матчтары ойналды. Төрт ойын қорытындысы бойынша турнирдің жартылай финалистері анықталды. А квартетінде бірінші орынды «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері иемденді, олар жалпы 9:1 есебімен үш матчты жеңіп алды. Екінші орынды «Бунедкор» өкілдері иемденді.
В квартетінде «Пахтакор» командасының жас футболшылары бірінші болды, олар «сары-қаралар» сияқты топтық кезеңді жүз пайыз көрсеткішпен аяқтады. Олармен бірге минскілік «Динамоның» тәрбиеленушілері топтан шықты.
Ертең турнирде жартылай финалдық кезең басталады.
«Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық балалар турнирінің үшінші күнінің қорытындысы
А Тобы
«Қайрат А» (Алматы) – «Бунедкор» (Ташкент) 2: 0
«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Алтай» (Барнаул) 0: 3
В Тобы
«Қайрат Ф» (Алматы) – «Динамо» (Минск) 0: 3
«Пахтакор» (Ташкент) – «Жас Қыран» (Алматы) 3: 0