«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық балалар турнирінің қорытындысы
Академия жаңалықтары

«Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық балалар турнирінің қорытындысы

01 ноября 2019
/ 11:00

Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясында үлкен футбол мерекесі - «Қайрат» ФК-ның 65 жылдығына арналған халықаралық балалар турнирі аяқталды.

Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша, турнирдің финалына біздің қонақтар-минскілік «Динамо» және ташкенттік «Пахтакор» жолдама алды. Динамолықтар жартылай финалда «Қайрат А»  командасын аз есеппен жеңіп, ал ташкенттік дербиде  «Пахтакор» «Бунедкордан» басым болды.

Жұбаныш финалда «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері «Бунедкорлық» құрдастарын ойсырата жеңіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Турнирдің шешуші матчында қызу күрес болды. Матчтың негізгі уақыты 0: 0 есебімен аяқталып, ал пенальти сериясында Минскіден келген қонақтар дәлірек болды - 2:3. «Динамо» өкілдері алтын медальдар мен Чемпиондар кубогын үйлеріне алып кетті.

 

7-8 орын үшін матч: «Астана» (Нұр-сұлтан) – «Алтай» (Барнаул) 2:0.

5-6 орын үшін матч: «Қайрат Ф» (Алматы) – «Жас Қыран» (Алматы) 3:0.

3-4 орын үшін матч: «Қайрат А» (Алматы) – «Бунедкор» (Ташкент) 4:0.

Финал: «Пахтакор» (Ташкент) – «Динамо» (Минск) 0:0 (пенальтиден 2:3).

 

1-ші орын – «Динамо» (Минск).

2-ші орын – «Пахтакор» (Ташкент).

3-ші орын – «Қайрат А» (Алматы).

4-ші орын – «Бунедкор» (Ташкент).

5-ші орын –  «Қайрат Ф» (Алматы).

6-орын – «Жас Қыран» (Алматы).

7-ші орын – «Астана» (Нұр-сұлтан).

8-ші – «Алтай « (Барнаул).

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»