«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК футболшылары жалақыларын төмендетуге шешім қабылдады
Қайрат

«Қайрат» ФК футболшылары жалақыларын төмендетуге шешім қабылдады

07 апреля 2020
/ 11:00

Футболшылар, бапкерлер және клуб қызметкерлері сәуір айында өз жалақыларын елу пайызға төмендетіп, күрделі кезеңде клубқа шығындарды қысқартуға көмектесуге шешім қабылдады.

Бұл шешімді футболшылар мен бапкерлер штабы қабылдады. Онлайн-конференция өткізілгеннен кейін идеяны негізгі команданың барлық ойыншылары, сондай-ақ әкімшілік пен қызметкерлер қолдады.

Гафуржан Суюмбаев, «Қайрат»ФК капитаны: «Жалақыны елу пайызға төмендету шешімі біздің тарапымыздан ұсынылды. Біз жиналыс өткізіп,осындай қиын кезеңде түсіністік таныту керек деп шештік. Барлық қазақстандық және шетелдік ойыншылар осы идеяны қолдады. Біз бірге қиындықтарды жеңе аламыз».

Раде Дугалич, «Қайрат» ФК қорғаушысы: «Біз жиналыс өткіздік. Барлығымыз бірге: ойыншылар, бапкерлер құрамы, әкімшілік. Осы қиын уақытта клубқа көмектесу туралы шешім қабылдадық. Біз саналы түрде осы айда жалақының жартысын төмендетуге бардық. Сәуір айын футболсыз өткіземіз, сондықтанда бұл дұрыс шешім. Бүкіл әлемде қазір күрделі жағдай. Барлық бизнес шығынға ұшырауда. Қазір барлығымыз бірігіп, қиындықтарды бірге жеңу керекпіз. Біз барлығымыз–бірүлкен отбасымыз. Клуб басшысы біз үшін көп нәрсе жасауда. Қазіргіқиын кезеңде бізде оған көмектесуге мүмкіндік бар. Карантин жақын арада аяқталатынына сенімдімін, және де біз чемпионатты жалғастыра аламыз. Барлығымыз футболды сағындық».



arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»