«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды жалғастырады
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ФК балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды жалғастырады

25 января 2020
/ 12:00

«Қайрат» ФК Еуропалық клуб қауымдастығының балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірді.⠀

«РБ Зальцбург» ФК Академиясында Еуропаның жетекші футбол академия өкілдерінен тұратын жұмыс тобының жаңа құрамының алғашқы кездесуі өтті.

Айта кету керек, аталмыш жұмыс тобы 2007 жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді. Осы жылдар ішінде аталмыш топ жасөспірімдер футболы саласына бірқатар маңызды жобаларды енгізе алды: УЕФА жасөспірімдер лигасын құру, кәмелетке толмаған ойыншылардың трансферлерін реттеу тетігін енгізу және тағы басқалар. «Қайрат» ФК атынан жұмыс тобына «Қайрат» техникалық директоры Евгений Красиков кіреді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»