Қазақстан паралимпиада құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азия Параойындарында тамаша нәтиже көрсетуде.
Бүгін қазақстандық жүзуші Дмитрий Ли 400 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу жарысында жеңіске жетіп, құрама қоржынына бесінші медальді салды.
Джакартадағы Параойындарда Қазақстан намысын спорттың тоғыз түрінен 91 спортшы қорғап жатыр. Бес алтын медальдан бөлек, Қазақстанның еншісінде 11 күміс және 11 қола жүлде бар.