«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК аккредитацияны бастайды
Қайрат

«Қайрат» ФК аккредитацияны бастайды

14 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат» футбол клубы команданың Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогы аясында өз алаңында өтетін матчтарына БАҚ / Ақпарат агенттіктері өкілдеріне аккредитацияның ашылғандығы туралы хабарлайды.

Аккредитацияға өтінім, басшының қолы қойылған фирмалық бланкіде ресімделуі, БАҚ / Ақпараттық агенттіктің мөрімен расталуы және келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:

 - БАҚ/ Ақпараттық агенттік атауы;

- Аккредитацияланатын журналистердің / телеоператорлардың / фототілшілердің аты-жөні;

 - Аккредитацияланатын БАҚ / Ақпараттық агенттік өкілдерінің электрондық мекенжайы, қызметтік және ұялы телефондарының нөмірі;

- БАҚ/ Ақпараттық агенттіктің пошталық мекенжайы;

- БАҚ / Ақпараттық агенттік иесінің ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен атауын көрсету.

Аккредитациялау өтініміне қоса берілуі тиіс:

- БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредитацияланатын өкілінің сандық форматтағы және ақ фонда түсірілген түрлі-түсті фотосуреті (1080 пиксель суретінің ең төменгі рұқсаты);

- Бұқаралық ақпарат құралдары істері жөніндегі уәкілетті орган берген БАҚ / Ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;

- Қызметтік куәліктің көшірмесі / БАҚ / Ақпараттық агенттіктің аккредитацияланатын өкілінің жұмыс орнынан анықтама.

Аккредитациялауға өтінімдер 2020 жылдың 24 ақпанына дейін, электрондық мекен-жайға қабылданады:

r.altaibayev@fckairat.kz

Аккредитациялау келесі квоталарды қарастырады:

- Баспасөз БАҚ: 1 журналист және 1 фототілші;

- Телевизия: 2 журналист және 1 телеоператор;

- Ақпараттық агенттіктер: 2 журналист және 1 фототілші;

- Интернет-порталдар: 2 журналист және 1 фототілші.

БАҚ / Ақпарат агенттігінің аккредитацияланған өкілдеріне «Қайрат» ФК-ның 2020 жылғы турнирлік маусымының ҚР Чемпионаты мен Кубогындағы өз алаңында өтетін матчтарына жіберілгенін растайтын және оларға «Футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогының матчтарын өткізудің техникалық регламентінде» көзделген құқықтарға кепілдік беретін куәлік беріледі.

Басқа қалалардан келген БАҚ / Ақпарат агенттіктері өкілдеріне «Қайрат» ФК-ның өз алаңында өтетін матчтарының басталуына 72 сағат қалғанға дейін өтінім білдіргендерге бір жолғы аккредитация ұсынылады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»