«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК академиясының тәрбиеленушісі Венгрияға сапары жайлы және тәрбиеленушілерді ынталандыру жүйесі туралы өз ойын білдірді
Академия жаңалықтары

«Қайрат» ФК академиясының тәрбиеленушісі Венгрияға сапары жайлы және тәрбиеленушілерді ынталандыру жүйесі туралы өз ойын білдірді

04 августа 2022
/ 06:00

«Қайрат» U-15 командасының ойыншысы Сатпаев Дастан өткен аптада, «Қайрат» және «Кишварда» арасындағы, УЕФА Конференция Лигасының жауапты ойынына негізі құраммен бірге аттанған болатын

Бұл сапар, «Қайрат» ФК-ның тәрбиеленушілерді ынталандыру жүйесінің сыйлығы болып табылады, көрсеткіші ең жоғары ойыншымыз Сатпаев Дастан сыйлық иегері атанды. 

«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметкерлері Дастанмен сұхбат құрып, ынталандыру жүйесі туралы, негізгі құраммен бірге өткен сапары туралы айтып беруін өтінді.

- Негізгі құраммен бірге Венгрияға аттануға мүмкіндік берген, өз клубыма алғысымды білдіргім келеді. Бұл сапар мәңгі жадымда сақталатыны анық, мен өте тамаша әсер алып қайттым. Негізгі құрам ойыншыларымен бірге жаттығу жасау мүмкіндігі берілгені тамаша болды. Аздап қиындау болды, бірақ мен барымды салып тырыстым.

- Ынталандыру жүйесі туралы айта өтсең?

- Оқу жылының басында академияда осы жүйе іске қосылатынын хабарлаған болатын. Ең үздік тәрбиеленушілер тамаша сыйлыққа ие болатынын айтты. Жыл бойына біз қарқынды жұмыс істедік. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын.

- Тәрбиеленушілерді қандай критерийлер арқылы бағалады?

- Ынталандыру жүйесі 4 маңызды пунктті құрайды: оқу үлгерімі, тәртіп, дене шынықтыру тесттерінің нәтижесі және бапкерлік құрам бағасы. Біздің бапкерлер барлығын мұқият бақылады, апта бойына өткізген жаттығулар және ойынымызға қарады. Әрине, мектептегі оқу үлгерімі және академия тәртібі өте маңызды болды, тәрбиешілеріміз мұқият қадағалады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»