«Сары-қаралар» «Бунедкор» ФК-нан басым түсті, енді «Еуразия Кубогының» алтыны үшін РГУОР Беларусь құрдастарымен күреседі.
Тимур Қасымовтың шәкірттері қатарынан үш рет жеңіске жетті. Алдымен Академия тәрбиеленушілері «Строгино» командасын 5:1 есебімен жеңді, содан кейін қытайлық «Саньяичжун» командасын 10:0 есебімен ойсырата жеңді. Үшінші матчта қайраттықтар тулалық «Арсеналдан» 2:0 есебімен басым түсті.
«Сары-қаралар» жартылай финалда «Бунедкор» ФК-мен жұдырықтасты. Матчтың негізгі уақыты тең есеппен аяқталып, матчтан кейінгі пенальти сериясында біздікілер мықты болды – 7:6.
Біздің ертеңгі қарсыласымыз - РГУОР Беларусь 2:0 есебімен Тәжікстан – «ОРЗУ – 2026» ФК өкілдерін жеңді.