«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» ФК Академиясы түлектерінің бітіру кеші
Клуб жаңалықтары

«Қайрат» ФК Академиясы түлектерінің бітіру кеші

22 июня 2019
/ 00:00

Клуб академиясының жас ойыншыларының бітіру кеші салтанатты түрде өтті. 2001 жылы туған футболшылар мектепті бітіргені туралы аттестат алды. Оларды Академияның басшысы Вольфганг Гейгер, сондай-ақ аты аңызға айналған «Қайраттың» қақпашысы Құралбек Ордабаев табыс етті.

Сондай-ақ, «Қайрат-Жастар» үшін өнер көрсеткен Бекзат Байтілеуов, Рауан Аманжол және Андрей Ульшин, сондай-ақ «Қайрат» шабуылшысы Вячеслав Швырев колледжді бітіргені туралы диплом алды. Олардың барлығы Алматы Экономика және құқық колледжін аяқтады. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын бітіргені туралы дипломды «Қайраттың» қорғаушысы Ян Вороговский алды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»