«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» Еуропа лигасының ойындарына аккредитация алу журналистер ұсынымдарын қабылдаудың басталғанын хабарлайды
Қайрат

«Қайрат» Еуропа лигасының ойындарына аккредитация алу журналистер ұсынымдарын қабылдаудың басталғанын хабарлайды

19 июня 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі Еуропа лигасының үйдегі ойындарына аккредитация алу үшін БАҚ арасында ұсынымдарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Аккредитация үшін кандидатураңызды қарау үшін press@fckairat.kz электронды мекен-жайына әрбір делегат жекелей келесі мәліметтерді жіберуі керек:

1) Ұйымның атауы.

2) БАҚ атауы және түрі (ағылшын тілінде). 

3) Делегаттың ТАӘ (ағылшын тілінде), қызметі.

4) Бас редактордың / басқарушының қолы мен ұйымның мөрі қойылған редакциялық тапсырма.

5) Байланыс мәліметтері (міндетті түрде электрондық пошта және ұялы телефон нөмірі).

6) 3x4 см өлшемді сандық форматта сапалы фотосурет (мүмкіндігінше ақ фонда)

Өтініштерді қабылдау уақыты : 19.06.2019 -  03.07.2019 ж.

БАҚ аккредиттеу кезінде келесідей квоталар қарастырылған:

- баспа БАҚ-нан - 1 журналист + фотожурналист;

- ТВ редакциясынан - 2 журналист + оператор;

- ақпараттық агенттіктерден - 1 журналист + фотожурналист;

- электрондық БАҚ-тан - 1 журналист + фотожурналист.

Аккредитация мына нәрселерге кепіл береді:

1. Матч күні салаңға тегін кіру;

 2. Баспасөз алаңынан орын;

3. Матчтың бастапқы хаттамасы; 

4. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатына қатысу.

БАҚ өкілдері Орталық стадионның 9-шы кіреберісі арқылы өтетін болады. Матч барысында журналистер баспасөз алаңында, фотожурналистер және бейнеоператорлар – ерекшеленген жейдеде қақпаның жанында болуы керек.

«Қайрат» футбол клубы аккредиттеуден келесідей жағдайда бас тартуға құқылы:

- Аккредиттеуге өтініш беру ережесін бұзған жағдайда;

- ұйымның беделіне немесе өзге де зиянына әкеп соқтыратын, сондай-ақ өз қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқан жағдайда;

- бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтатқан жағдайда;

- Матч кезінде немесе баспасөз мәслихаты кезінде тәртіп ережелерін бұзған жағдайда;

Алаңда аккредиттелген БАҚ өкілдері ресми спорттық сайыстарда  көрерменге арналған  мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті.

Маусымдық аккредитация (Чемпионат ойындары пен Қазақстан Кубогы үшін) Еуропа лигасының матчтарына жарамсыз. Аккредиттелген адамдардың саны шектеулі.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»