«Сары-қаралар» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына дайындық аясында клубтың спорт базасында таңғы жаттығу жұмыстарын өткізді. Жаттығу жұмысы дәстүрлі түрде ой қыздырудан басталды, артынша команда қақпаға соққылар бағыттап жаттықты.
«Энгорданимен» кездесу ертең, бейсенбіде, өтеді. Матчтың шоу-бағдарламасы 18:00-де басталады.