Болгария чемпионы 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті. «Қайраттың»құрамында клубтың он тәрбиеленушісі ойнады.
Екінші ОЖЖ қорытынды матчында Алексей Шпилевский клуб тәрбиеленушілеріне мүмкіндік берді. Бастапқы құрамда Данил Устименко, Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Рифат Нурмугамет, Айбол Әбікен және Сұлтанбек Атанов болды. Үзілістен кейін алаңға Дамир Касабулат, Адам Адахаджиев, Дамир Битусупов және Данияр Үсенов шықты.
Матчтың басталуы номиналды қожайындардың иелігінде болды. Екінші минутта-ақ тәжірибелі шабуылшы Клаудиу Кешеру «Қайраттың»қақпасын бағындырды. Одан әрі Болгария чемпионы алматылықтарға бірнеше қауіпті шабуыл жасауға мүмкіндік беріп, үзіліс алды. Шабуылда Эсеола-Аймбетов жұбы әрекет еттіп, қорғаушыларға босаңсуға мүмкіндік бермеді.
«Лудогорец» құрамында әсіресе желаяқ Вандерсон, Жоржинь, Талеб Тавата қапталмен жылдам шабуыл жасап, айып алаңына соққылар бағыттап көзге түсті. Дәл осы аталған үштік 38-ші минутта екінші голды ұйымдастырды: Вандерсон допты қуып жетіп, оны Таватаға берді. Тавата болса допты қақпаға қарай жылдамдатқан Жоржиньюның басына көтерді.Үзіліске командалар 2:0 есебімен кетті.
Екінші жартысында «сары-қаралардың» құрамында бірнеше өзгерістер орын алды. Алексей Шпилевский Адахаджиевті, Оганесянды, Конрад Вржещиньскийді шығарды, сондай-ақ форвардтарды алаңнан алып тастады. Олардың орнына Еркебұлан Сейдахмет пен Еркебұлан Тұңғышбаев шықты. Ойынның екінші жартысының бірінші секундтарынан бастап қайраттықтаралға қарай шабуылдады. Тұңғышбаев пен Әбікенде гол соғатын мүмкіндік болды. Алайда, доп қырсық қақпаға кірмеді.
Бір сағаттан кейін алматылықтардың құрамында тағы да алмасулар болды. Алдымен Данияр Үсенов Айбол Әбікенді ауыстырды, одан кейін Болгария чемпионына қарсы ойнауға мүмкіндікті Дамир Битусупов, Әліби Тұзақбаев пен Дамир Қасабулат алды.
Өкінішке орай, ойынның соңы сәтсіз болды. «Лудогорцтың» екі жаңа форварды үшінші допты ұйымдастырды, кейін екі пенальти иеленді. «Нүктеден» бағытталған екі соққы да алынбады.
Якуб Свирзок дубль жасап матчтың соңғы нүктесін қойды.