«Қайраттың» екінші бақылау матчы 0:2 есебімен «сары-қаралардың» жеңілісімен аяқталды. Екі голды да қарсыластар пенальтиден соқты.
Кешкі матчта «Легия» айтарлықтай мықты құрамды шығарды. Қақпада ең тәжірибелі 36 жасар кипер Радослав Черняк тұрды. Қорғауда бірінші минуттан бастап тағы бір көшбасшы – Артур Еджейчик ойнады. Шабуылда жылдам Андре Мартинш пен Лукас Лима Линьярес болды. Қорғаныс шебінің беріктігін Домагой Антолич арттырды.
«Қайраттың» құрамында көп жас ойыншылар болды. Иван Сизов, Дамир Қасабулат, Әліби Тұзақбаев, Сұлтанбек Астанов старттық құрамда шығуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, матч барысында алаңға тағы «сары-қаралардың» жас үш футболшысы шықты: Вячеслав Швырев, Данияр Үсенов және Дамир Битусупов. Жас ойыншылардың ойынына тәжірибелі Владимир Плотников жетекшілік етті.
Алексей Шпилевскийдің шәкірттері оқиғаны жылдамдатпай, алғашқы минуттарын барлауға жұмсады. Қарсыластар бірденен бірінші матчтағы жеңіліс үшін реванш алуға ниет білдірді. Естеріңізге сала кетейік, ол матчта поляктар екі пенальтиді де жүзеге асыра алмады. Кешкі жекпе-жекте таңқаларлық сәйкестік орын алды. Тағы екі он бір метрлік тағайындалды. Біріншісі матчтың 29 минутында, төрешілер Иван Сизовтың ойын ережесін бұзғанын тіркеген кезде болды. Айып добын орындауға Домагой Антолич шықты. Плотников доптың бағытын дұрыс тауып, бірақ допты ала алмады.
Бірінші голдан кейін алматылықтар белсенділік танытып, бірнеше жақсы мүмкіндіктерге ие болды. Есепті теңестіруге Рифат Нурмугамет жақын болды. Ол допты айып алаңынан жермен соғып, бірақ «Легия» қақпасын Черняк құтқарып қалды.
Үзілістен кейін қайраттықтар тағы да голға жақын болды. Адеринсола Эсеолада, Еркебұлан Тұңғышбаевта, Дамира Касабулатта мүмкіндік болды. Алайда, ескі футбол мақалында айтылғандай: «Сен соқпасаң – саған соғады». 81 минутта біздің қақпаға Андре Мартинш жүзеге асырған екінші пенальти тағайындалды. Қатарынан керемет үш сейв жасаған Плотников, екінші он бір метірлікті қайтара алмады. Соңғы ысқырық 0:2 есебімен «Легияның» жеңісін тіркеді.