«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» чемпионатты жеңіспен бастады
Қайрат

«Қайрат» чемпионатты жеңіспен бастады

10 марта 2019
/ 00:00

«Қайрат» - «Тараз» 2:0

Голдар: Нурмугамет (26'), Әбікен (67').

«Қайрат»: Стас Покатилов – Дино Миканович, Раде Дугалич, Нуралы Әліп, Сергей Кейлер – Конрад Вржещиньский, Айбол Әбікен, Рифат Нурмугамет, Исламбек Қуат (к), Хан Чжон Ву – Мартон Эппель.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В), Данил Устименко (В) – Гафуржан Сүйімбаев, Александр Соколенко – Рамазан Оразов, Еркебұлан Тұңғышбаев – Самат Сарсенов, Вячеслав Швырев.

«Тараз»: Самат Отарбаев (в), Берік Айтбаев, Максат Әмірханов (к), Рахымжан Розыбакиев, Эльгуджа Лоджанидзе, Жиан Дос Сантос Мартинс, Лаша Касрадзе, Михайло Йованович, Неманья Суботич, Рибейро Данстас Элевельто, Жақып Қожамберді.

Қосалқы құрам: Мұхамеджан Сейсен, Бекзат Шадманов, Игорь Пикалкин, Мадияр Нұралы, Виктор Крюков, Бекзат Бейсенов, Бауыржан Байтана, Абзал Таубай, Әлішер Сүлей.   

«Сары-қаралар» ойынды тың бастады. Бірінші минутта-ақ бас төреші Анатолий Вишниченко «Қайраттың» пайдасына айып добын белгіледі. Алаң қожайындары қарсыластарын тықпырыққа тіреп, шабуылдай берді. Жиырмасы минутта оң қапталмен басталған шабуыл қауіпті болды. Исламбек Қуаттың әуелетіп берген добын Мартон Эппель қайшылап қақпаға бағыттаған. Алайда есеп ашылған жоқ. Оң жақ қапталдан Дино Микановичтің бастап берген шабуылы нәтижесін әкелді. Хорват футболшысының берген пасын Рифат Нурмугамет голға айналдыра білді. Бірінші таймның соңында алаң қожайындарының есепті еселейтін мүмкіндігі болған: Хан Чжон Ву жойқын соққысы қақпа маңдайшасынан сәл биік ұшты. 

Ойынның екінші бөлігінде қонақтар таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда ешбір шабуылы нәтиже бермеді. 54 минутта Конрад Вржещиньский Самат Отарбаевтың қақпасын дәл көздеген болатын, алайда қапталдағы төреші «Қайраттың» ойыншысы ойыннан тыс қалғанын көрсетті. 61 минутта Алексей Шпилевский алаңға екі бірдей футболшыны: Рамазан Оразов пен Вячеслав Швыревты шығарды. Арада бес минут өтпей жатып есеп айырмасы екі голға жетті. Айбол Әбікен соққысы қақпаның алыс бұрышына дөп түсті.

Бұдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. 2:0- алаң қожайындарының пайдасына.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»