ҚР Суперкубок матчының алдында Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Іс-шара аяқталғаннан кейін «Тобыл Арена» стадионында Атқарушы комитет мүшелерінің, лига Кеңесінің қатысушыларының және ҚР Суперкубогы қонақтарының қатысуымен жолдастық ойын өтті. Қазақстан футбол федерациясы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына қарсы ойнады.
«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ҚФФ командасының құрамында ойынға қатысты. Матч ҚФФ жеңісімен, 6:3 есебімен аяқталды.