«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы және УЕФА әлеуметтік жауапкершілік комитетінің вице-президенті Қайрат Боранбаев Заатари мен Азракта босқындарға арналған лагерьлерде футбол алаңдарының ашылуына қатысты.
УЕФА балалар қорының даму және әлеуметтік бағдарламасы аясында «Lay’s» («PepsiCo» бренді) және Азия футболын дамыту жобасы (AFDP) футболды жақсы көретін және өз сүйікті споортында машықтарын дамытуды қалайтын қыздар мен жігіттерге арналған қауіпсіз футбол алаңдарын жасау үшін күштерін біріктірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Али Бен Аль-Хусейн ханзада – Азия футболын дамыту жобасы (AFDP), PepsiCo (Дубай) аймақтық өкілдері Мазен Алмасри және Мона Элссака, УЕФА Балалар қорының Басқарма мүшесі, Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Франция футбол құрамасының бұрынғы мүшесі, ПСЖ академиясының түлегі, қазір Фарцняифутбол федерациясының бас хатшысы Лаура Жорж, сонымен қатар, УЕФА Балалар Қорының бас хатшысы Урс Кластер қатысты.
Босқындар үшін футбол алаңдарын құру жобасы екі жыл бұрын ашылып, 2017 жылдың қыркүйегінде Заатари лагерінің тұрғындары үшін толыққанды футбол алаңы салынды.
Бар болғаны бір жыл ішінде мұнда 600-ден астам матч, әр түрлі 20 турнир өтті, оған 35 мың адам қатысты. Футбол жаттығулары жыл бойы жүргізіледі, осы уақыт ішінде 40 ер адам мен 40 әйел сертификатталған жаттықтырушы бола алды.
Айта кету керек, жақында Али Бен Аль-Хусейн ханзада Заатариге тек қана қыздарға арналған футбол алаңын ресми түрде ашу үшін оралды.
Артынша Азрактағы босқындар лагерінде УЕФА Балалар қорының Бас хатшысы Урс Кластер, PepsiCo компаниясының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка тағамдар (MENA) директоры Мазен Аль-Масридің қатысуымен ашылу салтанатты өтті, олар жергілікті қауымдастықтармен және сертификатталған футбол бапкерлерімен кездесулер өткізеді.
«Бұл жаңа футбол алаңдары жастар бос уақыттарын өткізуі үшін, соғысқа қарамастан бала болып қалуы үшін қалыпты ортаны құруға көмектесуге арналған. Заатаридегі балаларға арналған жаңа нысандар лагерьдегі спорттық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ алаңдаушылықты азайтуға, бір-бірімен әңгімелесуге, қақтығыстарды шешуге және өркендеуді арттыруға көмектеседі », - деді УЕФА президенті Александр Чеферин.
«Балаларға арналған осындай футбол алаңдары жасалған кезде, олар тағы да армандау мүмкіндігіне ие болады. Футболшы, қорғаушы, шабуылшы, қақпашы, төреші және жанкүйер болуды армандайды, командада ойнауға үйреніп, уақытты жақсы өткізеді», - деп мәлімдеді AFDP негізін қалаушы және төрағасы ханзада Али Бен Аль-Хусейн.
«Араб әлемі футболға деген сүйіспеншілігімен біріктірілген және Заатари жобасы жастарға өздерінің армандарымен өмір сүруге, спорт беретін командалық рухты және көңіл-күйді сезінуге мүмкіндік сыйлайды. «PepsiCo» УЕФА Балалар қоры және AFDP-пен бірге осы бастаманың бір бөлігі болғанын мақтан тұтады, біздің стратегиямыз осында өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғамға пайда әкелетін бизнесті жүргізу болып табылады», - дейді PepsiCo-ның MENA тағамдары бойынша директоры Мазен Аль-Масри.